«Кербезім» концерт кеші өтеді

Posted by Muslim Amze Category: Category 182 рет оқылды

Естай мәдениет сарайында Рүстембек Омаров атындағы Павлодар облыстық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Кербезім» атты шығармашылық кеші өтеді. Концерт оркестрдің 15 жылдық мерейтойына және көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің 95 жылдығы мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған.

Концерт Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзенің сүйемелдеуімен өтеді.  «Кербезім» деп аталатын шарада көбіне Кенжебек Күмісбековтің шығармалары орындалады.

Мүсілім Әмзе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Еліміздегі бүкіл оркестрлер осы кісінің мерейтойын атап өтуге атсалысып жатыр. Енді Павлодар өңіріндегі әріптестер дирижер Талғат Кәрімов, филармония директоры Амангелді Қожанов бауырымыз ақылдасып, бір концерт кешін композитор К. Күмісбековтің шығармашылығына арнағымыз келді. Сол келісім бойынша концерттің атын «Кербезім» деп қойып отырмыз. Кенжебек Күмісбеков сияқты алып классик композиторлардың мұрасы әркез тоқтаусыз насихатталу керек. Оркестр репертуарынан түспеу керек деп ойлаймын.

Оркестр — үлкен ұжым. Ал дирижер — оның тізгінін ұстаушы. Кеш репертуары 90 пайыз жаңартылған. Кенжебек Күмісбековтың «Кербезім», «Еңбек салтанаты», «Жастық шақ», «Биші қайың» және тағы басқа  шығармалары орындалады.

Мүсілім Әмзе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Бүгінгі концертте орындалатын, түрлі себепке байланысты орындалмай қалатын шығармалар болды. Бұлардың барлығы түгелдей оркестрдің кітапханасында қалады. Алдағы уақытта реті келгенде 1 немесе 2 нөмірден концерттерге қосып шығаруға болады. Әншілерге де жақсы, репертуар бай болады. 

Рүстембек Омаров атындағы облысымыздың ұлттық аспаптар оркестрі жылына 200 ге жуық іс шараға қатысады. Сондай-ақ, жыл бойы 6-7 концерт өткізеді. Бұл бірлесе ұйымдастырылған шығармашылық кеші тыңдармандардың құлақ  құрышын қандыратыны сөзсіз.  Айтып өтейік, Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің 15 жылдық мерейтойын қараша айында атап өту жоспарланып отыр.


Әйгерім Тоқпанқызы

24 наурыз, 2022

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Required fields are marked *.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>