ҚАЗАҚ ҰЛТ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Posted by Muslim Amze Category: Category 187 рет оқылды

Естай мәдениет сарайында Рүстембек Омаров атындағы Павлодар облыстық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Кербезім» атты шығармашылық кеші өтті. Концерт оркестрдің 15 жылдық мерейтойына және көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің 95 жылдығына арналды.

Шығармашылық кештің шымылдығы  Кенжебек Күмісбековтың «Өмір жолы» атты еңбегімен ашылды. Оркестрдің тізгінін ұстаушы — Алматы қаласынан келген Нұрғиса Тлендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері  Мүсілім Әмзе болды. Он саусағынан өнер тамған құрметті мейман біздің Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің ұжымына жоғары баға берді.

Мүсілім Әмзе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Оркестрмен осы концертті дайындау барысында біз 3-4 күн бірге жұмыс істедік. Өте жақсы оркестр, деңгейі де жоғары, себебі мұнда Астанада өнер университетінен, Алматыдағы консерватория, музыкалық колледж бітірген түлектер жұмыс істейді. Оркестр болашағы жарқын деп ойламын.

Оркестр — үлкен ұжым. Ал дирижер шығармашылық ұжымның жүрегі.  Дирижерлік өнер – ерекше мамандық. Кеш репертуары 90 пайыз жаңартылған. Кенжебек Күмісбековтың «Кербезім», «Еңбек салтанаты», «Жастық шақ», «Биші қайың» және тағы басқа  шығармалары орындалды.

Зал  адамдарға  толды. Шығармашылықты бағалайтын өнер сүйер қауым   кештен ләззат алып, ілтипатын білдірді.

Рүстембек Омаров атындағы облысымыздың ұлттық аспаптар оркестрі жылына 200 ге жуық іс шараға қатысады. Сондай-ақ, жыл бойы 6-7 концерт өткізеді. Бұл бірлесе ұйымдастырылған шығармашылық кеші тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.  Айтып өтейік, Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің 15 жылдық мерейтойын қараша айында атап өту жоспарланып отыр.

Әйгерім Тоқпанқызы

29 наурыз, 2022

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Required fields are marked *.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>