Алматыда сазгер Құдыс Қожамияровтың 100 жылдығына орай салтанатты кеш өтті

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында КСРО халық артисі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Құдыс Қожамияровтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кеш өтті.

Алматы қалалық әкімдігінің Мәдениет және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 мамыры күні сағат 17:00 де Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында КСРО халық артисі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Құдыс Қожамияровтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кеш өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының сүйемелдеуімен өткен кеште композитордың ән-романстары, фортепианоға арналған Поэма-прелюдиясы,«Назугум» операсы мен «Чин Томур» балетінен фрагменттер, «Гүлдене бер, Жетісу!» ораториясы, «Вәтән» кантатасы және т.б. музыкалық шығармалары ойналды.

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәулескер күйші Шәміл Әбілтай,  әнші Жамилә Баспақова мен Төлеген Рахымбаев қатысқан еске алу кешіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе жетекшілік етті.

 

14.05.2018

https://sn.kz/kk/sn-adebiet-zhane-oner/36705-almatyda-sazger-dys-ozhamiyarovty-100-zhyldy-yna-oraj-saltanatty-kesh-tti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Required fields are marked *.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>