ӨНЕР БӘСЕКЕЛЕСТІКТЕ ҒАНА ДАМИДЫ
Мүсілім Әмзе – Мұқан Төлебаев, Нұрғиса Тілендиев салған ұлы жолдан нәр алған дирижер.
Мүсілім Әмзе – Мұқан Төлебаев, Нұрғиса Тілендиев салған ұлы жолдан нәр алған дирижер.
Жасынан қазақтың қара домбырасын жанына серік етіп, талмай өнер қуған Мүсілім – бүгінде Төлебаев пен Тілендиевтің дирижерлық дара жолын жалғастырушы.
Менің есіл-дертім домбыра тарту, күй үйрену еді. «Күй шертпесем, музыкант болмай кетейін» дейтінмін. Ол кезде басқа аспаптардан хабарымыз да жоқ, оның үстіне үй-ішінің де қалауы сол болатын.
Жалпы өнер дегеніңіз ішіне дендеп енген адамға ғажап дүние. 2001 жылдан бастап дирижерлік мамандыққа көңілім ауды.